20
январь
2025
Жолда жүру ережесі
17 қаңтар күні Әуезов аудандық жол инспекторлары мен А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияның бастауыш сынып оқушылары арасында жол жүру ережелерін түсіндіруге бағытталған қызықты әрі әсерлі сұхбат өтті. Оқушылар көшеге шығарып, жол жүру ережелерінің сақталуын практикалық түрде тексеру шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — балаларға жас ерекшеліктеріне сәйкес, жолда жүру ережелерін түсіндіру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Осылайша, оқушылар тек теориялық білім алып қана қоймай, сонымен қатар практикалық дағдыларды да меңгерді. Патрульдік инспекторлар өздерінің кәсіби міндеттерін түсіндіріп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді, бұл өз кезегінде жас ұрпақтың танымдық көзқарасын кеңейтті.
17 января состоялась интересная и познавательная встреча между инспекторами дорожно-патрульной службы района Әуезов и учениками начальных классов школы-гимназии №153 имени А. Розыбакеева, на которой были разъяснены правила дорожного движения. Школьников вывели на улицу, чтобы на практике проверить соблюдение правил дорожного движения. Основной целью мероприятия было объяснение детям, с учетом их возрастных особенностей, правил безопасного поведения на дороге. В ходе мероприятия ученики получили не только теоретические знания, но и практические навыки. Инспекторы патрульной службы также рассказали о специфике своей работы и ответили на вопросы детей, что способствовало расширению их познавательного кругозора.



