Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
20
декабрь
2024

“Қалада тұру дұрыс па, әлде ауылда ма?”

“Қалада тұру дұрыс па, әлде ауылда ма?” тақырыбы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушылары арасында пікірталас ұйымдастырылды.
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың қала және ауыл өміріне деген көзқарастарын анықтау және өз ойларын еркін жеткізе білуін дамыту.
Қалада немесе ауылда тұру – әр адамның жеке таңдауы. Бірақ олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары бар. Пікірталас барысында екі жақтың ерекшеліктерін түсіну маңызды болды.
Қалада өмір сүрудің артықшылықтары
1. Мүмкіндіктер көп: Қалаларда білім алу, жұмыс табу және медицина қызметтері жақсы дамыған.
2. Инфрақұрылым: Университеттер, театрлар, мұражайлар мен сауда орталықтары бар.
3. Инновация мен заманауилық: Жастар үшін дамуға бейімделген орта.
Қалада өмір сүрудің қиындықтары
1. Моральдық стресс: Үздіксіз бәсекелестік.
2. Экологиялық мәселелер: Ауаның ластануы.
3. Тұрмыс қымбат: Ауылмен салыстырғанда өмір сүру шығындары жоғары.
Ауылда өмір сүрудің артықшылықтары
1. Таза ауа мен экология: Ауылдың табиғи, таза ортасы.
2. Рухани тыныштық: Табиғатпен үйлесім мен стресстің аздығы.
3. Отбасылық бірлік: Ауылда қоғам мен отбасы қарым-қатынастары мықты.
Ауылда өмір сүрудің қиындықтары
1. Мүмкіндіктердің шектеулілігі: Мамандану мен білім алу, заманауи қызмет көрсету орындарының аздығы.
2. Қажетті қызметтердің болмауы: Денсаулық сақтау және басқа да маңызды қызметтердің жетіспеуі.
Оқушылардың қорытындысы бойынша:
Қалада тұру да, ауылда тұру да адамның жеке таңдауы мен өмір сүру қағидаларына байланысты. Қалада мүмкіндіктер көп болғанымен, рухани тыныштық пен денсаулық ауылда мықты. Демалыс күндері ата-әжелеріне қонаққа барып, ауылдың кең табиғатында еркін дем алып, кейін қалаға достарын сағынып қайтатынын атап өтті.
Ең бастысы, заманымыз тыныш болып, балалардың шат күлкісі қалада да, ауылда да өшпесін!
Ұйымдастырушылар:
4-сынып мұғалімдері: Иминова Б.О, Ушурова С.А, Тоқтахунова С.Т, Тұрғанжан С.Т, Садырова Г.Х.
“Шәһәрдә яшиған дурусму яки йезидиму ?”мавзуси  А.Розибақиев намидики №153 мәктәп-гимназияниң 4- синип оқуғучилири арисида пикир- таллаш өткүзүлди. Пикир- таллашниң асасий мәхсити : Оқуғучиларниң шәһәр вә йеза һаятиға болған көз қаришини билиш, Өз ойлирини әркин йәткүзүшкә үгүтиш
Шәһәр яки йезида яшаш һәр бир адәмниң шәхсий хаишидур. Амма уларниң һәрқайсисиниң өзигә хас пайдиси вә қийинчилиқлири бар. Пикир-таллашта икки тәрәпниң алаһидиликлирини чүшүниш муһим.
Шәһәрдә яшашниң пайдиси:
1. Мүмкинчиликләр көп: Шәһәрләрдә яхши маарип, хизмәт орунлири вә сағламлиқ хизмити яхши тәрәққий әткән.
2. Инфраструктура: Университетлар, театрлар, музейлар вә сода мәркәзлири бар.
3. Инновация вә заманивийлиқ: Яшлар үчүн тәрәққиятқа беқинған муһит.
Шәһәрдә яшашниң қийинчилиқлири:
1. Әхлақий стресс : давамлиқ риқабәтчилик
2. Экология мәсилилири: Һава булғиниши
3. Йезиға қариғанда яшаш қиммәт.
Йезидә яшашниң пайдиси:
1. Таза һава вә экология: Йезидики таза муһит .
2. Роһий течлиқ: Тәбиәт билән  бирлик вә стрессниң азлиғи.
3. Аиләвий бирлик: Йезида җәмийәт вә аилә мунасивәтлири мустәһкәм.
Йезидә яшашниң қийинчилиқлири:
1. Мүмкинчиликләрниң чәкликлиги: Кәсип вә билим елиш, заманивий инстанциялар аз.
2. Җиддий хизмәтләрниң йоқлуғи: Сағламлиқ вә башқа хизмәтләрниң аз болуши.
Оқуғучиларниң хуласиси бойичә : шәһәрдә яшашму, йезида яшашму инсанниң шәхсий таллими вә турмуш қаидиси билән мунасивәтлик. Шәһәрдә барлиқ тәрәптин мүмкичиликләр көп болсиму, роһий течлиқ вә саламәтлик йезидә күчлүк. Тәтил күнлири мома-бовилирини йоқлап, йезиниң кәң қойнида әркин нәпәс елип,шәһәргә достлирини сеғинип қайтидиғининиму тәкитләп өтти. 
Әң әвзили,заманимиз теч болуп,балиларниң шатлиқ күлкиси шәһәрдиму,йезидиму өчмисун.
Уюштурғучилар 4- синип муәллимлири: Иминова Б.О; Ушурова С.А; Тохтахунова С.Т; Тұрғанжан С.Т; Садирова  Г,Х.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: