04
ноябрь
2024
14-ші Халықаралық «Челны собирают друзей» фестивалі
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Шабыт” жобасы
Қараша айында Ташкент қаласында өткен 14-ші Халықаралық «Челны собирают друзей» фестивалі гимназиямыздың «Бахар» би ансамблі үшін үлкен жетістіктер әкелді. Өнер әлемінің шынайы мерекесіне айналған бұл фестиваль өз ісінің шеберлері – қазылар алқасын және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды қатысушыларды біріктірді.
«Бахар» би ансамблі фестиваль сахнасында 5 ерекше нөмірін ұсынып, өзіндік стилі мен шеберлігін көрсетті. Қазылар алқасының жоғары бағасын алған біздің өнерпаздар бірнеше жүлделі орындарды жеңіп алды:
•
I орын – Аршалимова Раиса, жеке орындау номинациясында «Шохқизчақ» ұйғыр биімен;
•
II орын – топтық би номинациясында «Беркут» биімен;
•
III орын – топтық би номинациясында «Бахар сәйлиси» ұйғыр биімен;
•
II орын – Омаржанов Арафат, жеке орындау номинациясында үнді биімен (жетекшісі: Марат Саера);
•
III орын – Абдраимова Айзиба, жеке орындау номинациясында «Қарақаш» ұйғыр биімен.
Бұған қоса, ансамбль жетекшісі Зурдинова Бахар Маликовна «Үздік хореограф» медалімен марапатталып, өзінің кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фестивальдің басты жаңалығы – гимназиямыздың «Бахар» ансамбліне 2025 жылы Қазан қаласында өтетін «Челны собирают друзей» Халықаралық жас орындаушылар фестиваль-байқауына қатысу сертификатының табысталуы болды.
Бұл жеңіс тек гимназиямыз үшін ғана емес, өнерге құштарлықпен еңбек етіп жүрген барлық жастар үшін шабыттандыратын оқиға. Біз талантты ұжымымызды мақтан тұтамыз және оларға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
Международные достижения нашей гимназии в рамках программы «Біртұтас тәрбие» и проекта «Шабыт»
В ноябре город Ташкент стал местом проведения 14-го Международного фестиваля «Челны собирают друзей», и этот значимый конкурс принес большой успех танцевальному ансамблю нашей гимназии «Бахар». Фестиваль, который объединил профессионалов своего дела – членов жюри и талантливых участников из разных стран мира, стал настоящим праздником искусства.
Ансамбль «Бахар» достойно представил нашу гимназию, показав высокий уровень мастерства и оригинальность. На суд жюри было представлено 5 уникальных номеров, каждый из которых запомнился яркостью исполнения и национальным колоритом.
По итогам фестиваля наши исполнители добились блестящих результатов:
•
I место – Аршалимова Раиса, с сольным исполнением уйгурского танца «Шохқизчақ»;
•
II место – в категории групповых танцев за номер «Беркут»;
•
III место – в категории групповых танцев за проникновенный уйгурский танец «Бахар сәйлиси»;
•
II место – Омаржанов Арафат, с индийским танцем в сольной номинации (руководитель – Марат Саера);
•
III место – Абдраимова Айзиба, с эмоциональным и выразительным исполнением уйгурского танца «Қарақаш».
Особую гордость вызвало признание работы нашего хореографа Зурдиновой Бахар Маликовны, которая получила медаль «Лучший хореограф», подтвердив свою высокую квалификацию и вклад в развитие ансамбля.
Кульминацией этого триумфа стало вручение ансамблю сертификата на участие в Международном фестивале-конкурсе молодых исполнителей «Челны собирают друзей», который пройдет в 2025 году в Казани.
Эти победы – результат большого труда, таланта и стремления к совершенству. Они вдохновляют не только наш коллектив, но и всех, кто верит в силу искусства. Мы гордимся ансамблем «Бахар» и желаем новых творческих достижений!





