PYP 4-сынып көрмесі: «Біз кімбіз»
PYP 4-сынып көрмесі: «Біз кімбіз» 28 сәуір күні мектебімізде бастауыш мектептегі ең маңызды іс-шаралардың бірі — PYP көрмесі өтті. PYP көрмесі — бұл IB Primary Years Programme аясындағы 4-сынып оқушыларының қорытынды жобасы. Ол оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізу, сұрақ қою, топта жұмыс істеу және өмірлік маңызды мәселелерге шешім табу дағдыларын көрсетеді. Бұл тек білімді таныстыру ғана емес, сонымен қатар XXI ғасыр дағдыларын — сыни ойлау, коммуникация және әлеуметтік жауапкершілікті