Миф апталығы
А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында Миф апталығы аясында 9, 10, 11-сынып оқушылары арасында білім сайысы ұйымдастырылды. Зияткерлік байқау үш кезеңнен тұрды: бірінші кезең – математикалық, екінші кезең – физикалық, ал үшінші кезең – информатикалық. Қатысушылар әр кезеңде өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынап, берілген тапсырмаларды орындап, өзара бақ сынасты. Байқаудың әділ әрі жоғары деңгейде өтуін әділ қазылар алқасы қамтамасыз етіп, қатысушылардың нәтижелерін нақты