«Өлкемде Наурыз»
18 наурыз күні Абдулла Розыбакиев атындағы 153-мектеп-гимназиясында көктемнің шуағын, бірліктің шырағын жаққан ерекше мереке — «Өлкемде Наурыз» аталып өтті. Бұл игі шараны ұстаз Фарида Тәліпованың жетекшілігіндегі 0В-сынып оқушылары ұйымдастырып, ата-аналар мен қонақтарға шаттыққа толы ұмытылмас күн сыйлады. Наурыз – ұлыстың ұйытқысы, дәстүрдің дариясы. Бұл мерекенің басты мақсаты – ата-бабадан жеткен асыл мұраны дәріптеу, жас ұрпақтың туған жеріне, салт-дәстүріне, айналасындағы табиғатқа деген