02
апрель
2025
«Өлкемде Наурыз»
18 наурыз күні Абдулла Розыбакиев атындағы 153-мектеп-гимназиясында көктемнің шуағын, бірліктің шырағын жаққан ерекше мереке — «Өлкемде Наурыз» аталып өтті. Бұл игі шараны ұстаз Фарида Тәліпованың жетекшілігіндегі 0В-сынып оқушылары ұйымдастырып, ата-аналар мен қонақтарға шаттыққа толы ұмытылмас күн сыйлады.
Наурыз – ұлыстың ұйытқысы, дәстүрдің дариясы. Бұл мерекенің басты мақсаты – ата-бабадан жеткен асыл мұраны дәріптеу, жас ұрпақтың туған жеріне, салт-дәстүріне, айналасындағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, білім мен еңбекке құштарлығын ояту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді асыл қасиеттерді бойына сіңіру еді.
Мерекелік шарада ұйғыр халқының ұлттық киімдері көздің жауын алып, салт-дәстүрлері жаңғырды. Ұйғыр, қазақ және өзге де ұлт өкілдерінің ән мен биі сахнаның сәнін келтіріп, көпшіліктің жүрегін тебірентті. Қыз-жігіттер Наурызға арналған жырларын мәнерлеп оқып, шаттыққа толы билерін тарту етті. Ал ошық ойнау, білек күшін сынау, арқан тарту, бес тас сынды ұлттық ойындар мерекенің ажарын аша түсті.
Шара соңында ақ дастарқан жайылып, Наурыздың берекелі дәмдері ұсынылды. Дастарқан басында ақжарма тілектер айтылып, қуаныш пен шаттыққа толы жүздер жарқырай түсті. Қонақтар ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдіріп, Наурыздың шуақты мерекесі әр жүрекке жылулық сыйлағанын айтып тарасты.
18 марта в школе-гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева состоялся яркий и душевный праздник «Өлкәмдә Норуз» («Наурыз в моём крае»), организованный учащимися 0В класса под руководством учителя Фариды Талиповой. На мероприятии присутствовали родители, учащиеся и гости, которые стали свидетелями живого воплощения традиций и культуры народов, отмечающих Наурыз. Основной целью праздника стало сохранение и передача молодому поколению национальных обычаев, воспитание любви к родному краю и природе, формирование стремления к знаниям и труду, уважения к старшим и заботы о младших. В рамках мероприятия были представлены национальные традиции уйгурского народа, его самобытные костюмы и блюда. В исполнении учащихся звучали уйгурские, казахские и другие народные песни, а сцена ожила в зажигательных танцах. Юноши и девушки с воодушевлением читали стихи, посвящённые празднику весны и обновления. Кроме того, особый интерес вызвали национальные игры: ошук, армрестлинг, перетягивание каната, бәш таш и другие, сделавшие праздник ещё более весёлым и зрелищным.
Завершилось мероприятие традиционным Наурыз дастарханом, уставленным угощениями, где гости смогли насладиться вкусом праздничных блюд. В конце праздника все присутствующие выразили благодарность организаторам, отметив, что этот день подарил им море положительных эмоций и зарядил радостью и теплом.
18-март күни Абдулла Розибақиев намидики 153-мәктәп-гимназиясидә устаз Фаридам Талиповайетәкчилигидики 0В-синип оқуғучилириниң уюштурушида «Өлкәмдә норуз» Йеңи жил мәйримиболуп өтти. Униңға ата-анилар, оқуғучилар қатнашти.Қедимий әждатлардин келиватқан әнъәниләрни давамлаштуруш, туғулуп өскән жутиға, тәбиәткә болған муһәббитини ойғитиш, оқушқа, әмгәккә болған интилиш һис-туйғулирини шәкилләндүрүш, чоңларни һөрмәт қилиш, кичикләрни иззәтләшни мәхсәт қилған мәзкүр мәйрәмдә уйғур хәлқиниң миллий әнъәнилири, кийим-кечиги, таамлири, уйғур, қазақ вә башқиму милләтләрниң нахша уссуллири көрситилди. Униңда қиз-жигитләр норузға беғишланған шеирлирини ядқа ейтип, шох уссуларға чүшти, шундақла ошуқ ойнаш, биләк күчини синаш, ағамча тартиш, бәш таш охшаш уйғур миллий оюнлириға қатнишип, мәйрәмниң техиму қизиқ һәм көңүллүк өтүшини тәминлиди. Андин барлиқ меһманлар Норуз дәстихиниға йейилған назу-немәтләрдин дәм тартти. Ахирида меһманлар мәйрәмни уюштурғучиларға чәксиз миннәтдарлиғини билдүрди.
On March 18, a vibrant and heartfelt celebration, “Ölkemde Nowruz” (“Nowruz in My Homeland”), took place at Abdullah Rozibakiev Gymnasium School No. 153. The event was organized by the students of class 0V under the guidance of their teacher, Farida Talipova. Parents, students, and guests gathered to witness the revival of ancient traditions and the rich cultural heritage of the peoples celebrating Nowruz. The main goal of the event was to preserve and pass down national customs to the younger generation, instill love for their homeland and nature, foster a desire for knowledge and hard work, and cultivate respect for elders and care for the younger ones. The celebration showcased Uyghur national traditions, traditional attire, and delicious dishes. The audience enjoyed Uyghur, Kazakh, and other folk songs, while lively dances brought the stage to life. Students enthusiastically recited poetry dedicated to the festival of spring and renewal. Additionally, traditional games such as oshuk, arm wrestling, tug-of-war, and besh tash added excitement and entertainment to the event.
The celebration concluded with a traditional Nowruz feast, where guests enjoyed an array of festive dishes. At the end of the event, all attendees expressed their sincere gratitude to the organizers, emphasizing that the celebration filled their hearts with joy, warmth, and unforgettable emotions.
