Ұстаздар күні құтты болсын! » Государственное коммунальное предприятие на праве хозяйственного ведения «Школа - гимназия №153 имени. А.Розыбакиева» Управления образования г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
09
октябрь
2023

Ұстаздар күні құтты болсын!

      Гимназиямызда ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Оқушылар ұстаздарды гимназия табалдырығынан ыстық ықыласпен қол соғып қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мұғалімдер күніне қарсы «Дублер күні» өткізілді. Оқушылар бар білімдерін ортаға салып, ұстаз рөлін үлкен қызығушылықпен жоғары деңгейде алып шықты. Сонымен қатар ұстаздарға арналған «Сәлем сізге , мұғалім!” атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шара ең кіші сынып шәкірттерінің музыкалық сыйымен басталып, «Баһар» би ансамблі және «Өзін-өзі басқару» ұйымының ұстаздарға арнап дайындаған әзіл-қалжың, өлеңдер, әндер және музыкалық қойылымдарымен жалғасты. Талантты жас әнші Шахзад Асим ұстаздарымызды құттықтап, музыкалық сәлемін жолдады. Бұл күні барлық жылы тілектермен би күйлер білім бағбандарына арналды. Шара соңында гимназиямыз директоры Умаров Шавкет Ниязұлы сөзге шығып, барша ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, шексіз алғысын білдірді. Сөз соңында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев атынан келген алғыс хат және білім саласына сіңірген еңбектері үшін құрмет грамоталарымен ұстаздарды марапаттады.
    Ұстаз - ұлағатты есім. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. 
Құрметті де аяулы ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, отбасылық бақыт және зор денсаулық тілейміз.

      Шәрәплик кәсип егилири устазларниң һөрмитигә гимназиямиздә көплигән иш-чариләр өткүзилди. Гимназиямиз оқуғучилири устазларни мәктәп босуғисидин соғилар вә қизғин алқашлар билән қарши елип , мәйрәмлик кәйпият һәдийә қилди. Устазлар мәйримигә бенаән “Дублер күни” өткүзүлди. Шагиртлиримиз бар билимини оттуриға селип, бәс-бәстә қизиқиш билән устаз ролини жүқури дәрижидә елип чиқти. Шундақла  устазлиримизға беғишланған “Салам сизгә, муәллим!” намлиқ мәйрәмлик иш-чарә болуп өтти. Мәйрәмлик иш-чарә әң кичик синип шагиртлириниң музыкилиқ соғиси билән башлинип, “Баһар” уссул ансамбли вә “ Өзини-өзи башқуруш” уюшмисиниң устазларға арнап тәйярлиған  һәзил чақ-чақ, шеир, нахша вә уссул-сазлири билән давамлашти. Талантлиқ  яш нахшичи Шахзад Асим устазлиримизни тәбрикләп , музыкилиқ салимини йоллиди . Бу күни барлиқ изгү-тиләкләр билән нахша-сазлар билим бағвәнлиригә беғишланди . Чарә ахирида гимназиямиз мудири Умаров Шавкет Нияз оғли сөзгә чиқип, барлиқ устазларни кәспий мәйрими билән тәбриклигәч, чәксиз миннәтдарлиғини билдүрди. Сөз ахирида Қазақстан Жумһурийитиниң Маарип министри Ғани Бейсембаев намидин кәлгән “Алғыс хат” вә  маарип саһасида сиңиргән әмгәклири үчүн устазларға һөрмәт мукапатлири тәғдим қилинди.
     Устаз улуқ , устаз бүйүктур, устаз течлиқ үчүн көрүктур. Устаз - һәқиқәтәнму улуқ нам. Устазларни қәдирлимәйдиған, уларға баш әгмәйдиған инсан йоқтур. Сәвәви, илим пәнниң егиси алим , дан тәргән дехан, саламәликниң сақчиси дохтур һәтта президентму мошу устазниң алдидин билим алған. Устаз у балиниң көңлигә йол тепип, өзиниң билимини , оқиған тоқуғинини үгүтидиған , оқуғичилири үчүн һәм қайғуруп һәм хошал болидиған әң улуқ инсандур.
Һөрмәтлик вә қиммәтлик устазлар! Силәрни кәспий мәйримиңлар билән чин жүрәктин тәбрикләймиз . Мәшәқәтлик вә шәрәпәтлик кәспиңларда ижадий утуқлар, аиләңларда бәхит вә зор саламәтлик тиләймиз.






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: