Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
31
март
2022

Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы



Бірінші сыныпқа қабылдаудың басталуы жайлы

ПРЕСС-РЕЛИЗ


2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың бірінші сыныптарына қабылдау басталады.  Мемлекет меншігіндегі орта білім беру ұйымдарына қабылдау электрондық нұсқада https://egov.kz/ электрондық үкімет порталында жүргізіледі.

Бастапқы білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асырушы білім беру ұйымдары дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағына қарасты жерде тұратын барлық алты жасқа толған балаларды және ағымдағы жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды іске асырады.

Бірінші сыныпқа тіркеу  ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі.

Қызмет тегін көрсетіледі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: