А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша онкүндік өткізілді » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » » А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша онкүндік өткізілді
17
февраль
2021

А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияда «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша онкүндік өткізілді

       Қазақ тілі кафедрасы мұғалімдері  мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған  жоспары негізінде осы жылдың 18-29 қаңтар  3-11 сыныптар арасында  пән бойынша онкүндігін өткізді.  Онкүндіктің іс-шаралар жоспары  түзілді. 6 офлайн , 16 онлайн  сабақтары өткізілді.Оның ішінде  «Шебер сыныбы» сабағы,  ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді.

Онкүндіктің мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге  тәрбиелеу, еркін сөйлеу әрекеттерін, танымдық қызығушылықтарын арттыру.  «Ас-адамның арқауы», «Бақыт дегеніміз-денсаулық», «Көлік түрі», «Фастфудтың зияны», «Тәні саудың -жаны сау», «Балаларға арналған сайттар», «Ағам қобыз тартады», тақырыптарында ашық сабақтар,ал «Жібек жолы», «Нәтиже сабақ», «Биотехнологияның маңызы» тақырыптарында «Шеберлік сыныптары»«Тіл - ақылдың өлшемі», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Тіл-татулық тірегі», «Ертегілер әлемінде», «Отбасым өнерлі», «Сөз мәйегі -мақал-мәтел» тақырыптарында сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді. Сабақ барысында «Ойлан,  бөліс» , «Жылдамдық/қарқын» «Қолдау», «Сауаттымын» ,«Пікір талас» ,«Күлекештер», Шын /жалған», «Логика әлемінде»,«Аудармысын ұйқастыр», «Мақалдың жалғасын тап, ойлан», «Миға шабуыл»,«Перифраз»,«Тілші», «Қос күнделік»,«Сөздерді ауыстыр», «Болжау», «Кім шапшаң?», «Әткеншек» т.б. әдістерін қолдану арқылы   ұстаздар оқушылардың сабаққа деген   қызығушылықтарын арттыра білді. Сабақ барысында оқушылар белсенді болды. Оқушылардың тілі таза, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Айтылым,тыңдалым дағдылары бойынша тапсырмалар толық орындалды. Оқушылдың ойлау деңгейлері  бойынша талдау, қолдану жүзеге асырылды.  Тапсырмалар «Онлай-мектеп» платформасында «Білімлендке» жүктелді. Сабақтарға көптеген мұғалімдер қатысты.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: