Алматыдағы ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесі су асты мәдени мұрасын
27 қыркүйекте Алматыдағы ЮНЕСКО-ның аймақтық кеңсесі су асты мәдени мұрасын насихаттауға арналған ерекше сурет көрмесін өткізді. Іс-шара БҰҰ ғимаратында ұйымдастырылып, көрермендерді су асты әлемінің тылсым сырларымен және оны сақтау жолдарымен таныстырды. Бұл көрменің басты мақсаты — адамзаттың мәдени мұрасының тағы бір баға жетпес қазынасы саналатын су асты ескерткіштерін қорғаудың маңыздылығын көрсету болды. Көрмеде Жерорта теңізінің қос жағалауындағы сегіз елдің: Алжир, Хорватия, Египет,