Білім күні қарсаңындағы салтанатты шара
Бүгін еліміздегі барлық білім ордаларында алғашқы қоңырау соғылып, ұстаздар мен оқушылар жаңа оқу жылын қарсы алды. Күздің алғашқы күнімен келетін бұл мереке биылда еліміздің әр өңірінде өз дәрежесінде атап өтілді. Абдулла Розибақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған салтанатты шараға ұстаздар мен оқушылардан бөлек, Әуезов аудандық әкімшілігінің өкілдері, халқымыздың танымал ғалымдары, ақын-жазушылар, ақсақалдар, ата-аналар қатысып, жылдағыдай ерекше әсерге бөленді.