Лагерьдегі денсаулық күні
Лагерьдің бүгінгі күні денсаулыққа арналды. Денсаулық күні ашық ауада таңертеңгілік гимнастикадан басталды, одан кейін "Көңілді старттар" спорттық жарыстары өтті. Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері қарқынды күресте өтті. Командалар жүгіру, секіру, доппен эстафета бойынша жарысқа түсті. Командалар өздерінің спорттық қабілеттері мен дағдыларын көрсете алды. Жанкүйерлер өз командалары үшін алаңдап, қолдап отырды. Қатысушылар мәреге бірінші болып жету үшін барын салып, ептілік, дәлдік, күш,