Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
05
декабрь
2025

IB PYP дүниежүзілік мектебі атанды!!!


А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясы ресми түрде IB PYP мектебі атанды! 5-желтоқсан - мектебіміз тарихында ерекше күн. Сол күні біз IB PYP авторизация сертификатын алып, Халықаралық Бакалавриат қауымдастығының толыққанды мүшесі болдық.
Біздің жолымыз 2023 жылы басталды. Сол жылдан бастап біз IB  бағдарламасын енгізу жолында үокен қадамдар жасай бастадық: 
- Мұғалімдер тренингтерден өтті;
- Командалар оқу жоспарларын әзірледі;
- Оқушылар зерттеу тапсырмаларын белсене орындады;
- Ата-аналар жаңа білім беру моделін таныды;
- Мектеп басшылығы халықаралық стандарттарға сай жүйе құрды.

2025 жылдың 20-21 қазанында IBO сарапшылары біздің дайындықты, мектеп мәдениетін және қауымдастық күшін көрді. Балалардың дауысын естіді, зерттеуге толы атмосфераны байқады, және біздің IB философисын шын мәнінде жүзеге асыратынымызға көз жеткізді. Нәтижесінде 5 желтоқсанда біз авторизация сертификатын алдық!

Бұл - біздің еңбегіміздің, сапаға деген ұмтылысымыздың және бірлігіміздің мойындалуы.
Бүгін біз -әдемге ашық, инновацияға бағытталған және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын PYP  халықаралық мектебіміз. 
Алда одан да көп өсу, жаңалықтар және жеңістер күтіп тұр.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: