Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
26
март
2025

Ұлттық киім күні

Абдулла Розыбақиев атындағы 153 мектеп-гимназиясында Наурызнама күнтізбесіне сәйкес Ұлттық киім күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл күні білім ордасының ауласы мен дәліздері ою-өрнекпен көмкерілген ұлттық киімдегі ұстаздар мен оқушылардың жарқын бейнесімен айшықтала түсті.
Жігіттер шапан мен бөрік киіп, ұлттық рухты асқақтатса, қыздар ою-өрнекпен көмкерілген камзол мен сәукеле тағып, дәстүрлі сән-салтанатты паш етті. Ұстаздар да бұл мерекеден қалыс қалмай, өздерінің көркем болмысымен жас ұрпаққа өнеге көрсетті.
Мектеп қабырғасында әсем әндер шырқалып, ұлттық құндылықтарға арналған тағылымды шаралар ұйымдастырылды. Бұл күн – ата-баба дәстүріне деген құрмет пен ұлттық рухты жаңғыртудың жарқын үлгісі болды.

В гимназии №153 имени Абдуллы Розыбакиева в рамках Наурызнамэ состоялся праздничный день национальной одежды. В этот день школа наполнилась красотой и торжественностью: учителя и ученики были одеты в традиционные наряды, украшенные узорами и орнаментами.
Юноши надели шапаны и бөрки, подчеркивая национальный дух, а девушки украсили себя камзолами и саукеле, демонстрируя изящество и элегантность. Учителя также поддержали эту инициативу, своим примером вдохновляя молодое поколение.
В стенах школы звучали народные песни, проводились познавательные мероприятия, посвященные национальным традициям. Этот день стал ярким проявлением уважения к наследию предков и возрождения национального духа.

At the Abdulla Rozybakiev Gymnasium No. 153, National Attire Day was celebrated with great festivity as part of the Nauryznama calendar. On this special day, the school was filled with vibrant colors and cultural elegance as teachers and students dressed in beautifully ornamented traditional clothing.
Young men wore shapan and borki, proudly showcasing their national heritage, while young women adorned themselves in embroidered kamzols and ornate saukele, highlighting grace and elegance. Teachers also actively participated, setting an inspiring example for the younger generation.
Throughout the school, traditional songs echoed, and educational activities were held to honor cultural heritage. This day became a vivid expression of respect for ancestral traditions and a revival of national spirit.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

25 сентябрь 2024 Ұлттық киім
25 сентябрь 2024 Ұлттық киім