Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
19
февраль
2025

Жол қауіпсіздігі ережелері

Алматы қаласы Әуезов ауданының Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі, Ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы, полиция майоры Айгерим Максатовна мектеп оқушыларына жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларға жаяу жүргіншілерге арналған жол қауіпсіздігі ережелерін еске салу. Оқушыларға жолдан өтпес бұрын толық қауіпсіздік шараларына назар аудару қажеттілігі жеткізілді. Түнде жолда жарық шағылыстыратын элементтері бар киімдер киюдің маңыздылығы айтылды.
Ювеналдық полиция инспекторы өз қызметінің ерекшеліктері жайлы сөз қозғап, оқушылардың қызығушылығын тудырған сұрақтарға жауап берді.
Оқушылардың жол қозғалысы ережелері бойынша білімін арттыру мақсатында осындай іс-шаралардың маңызы зор екені анық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: