21
январь
2025
«Керемет Су СКЕ»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназияның 7 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Сидикова Ирина Абдулжановнамен бірге Алматы қаласындағы «Керемет Су СКЕ» компаниясына экскурсияға барды.
Су – жер бетіндегі тіршіліктің бастауы. Адам үшін ауадан кейінгі ең құнды өнім – су, себебі адам ағзасының 60-70%-ы судан тұрады. Сусыз адам бар болғаны 3-5 күн ғана өмір сүре алады. Сондықтан судың таза әрі қауіпсіз болуын қадағалау – әркімнің басты міндеті.
Экскурсия барысында оқушылар «Самал» суын өндіретін зауыттың жұмысымен танысты. «Самал» ауыз суының ерекшелігі – оның құрамында тек табиғи минералдардың сақталуы. Оқушылар судың бактериялар мен микробтардан толық тазартылу процесін өз көздерімен көріп, зауыт жұмысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына куә болды.
Экскурсиядан алған әсерлері туралы оқушылар жылы лебіздерін білдірді:
– Біз судың қалай тазартылатынын, 100 пайыздық тазалыққа қалай қол жеткізілетінін көрдік. Енді «Самал» суын еш күмәнсіз ішеміз және басқаларға да осы суды таңдауға кеңес береміз. Бұл су – денсаулық кепілі!
Оқушылар үшін бұл экскурсия танымдық әрі қызықты болды.
В рамках программы «Единое воспитание» и проекта «Молодёжь с честным трудом» учащиеся 7 «Б» класса школы-гимназии №153 имени А. Розыбакиева вместе с классным руководителем Ириной Абдулжановной Сидиковой посетили с экскурсией компанию «Керемет Су СКЕ» в городе Алматы.
Вода — основа жизни на Земле. Для человека это самый ценный ресурс после воздуха, ведь 60–70% человеческого организма состоит из воды. Без воды человек может прожить всего 3–5 дней. Поэтому обеспечение чистой и безопасной воды — важнейшая задача каждого.
Во время экскурсии школьники познакомились с работой завода по производству питьевой воды «Самал». Особенность воды «Самал» заключается в сохранении природных минералов в её составе. Ребята своими глазами увидели процесс полного очищения воды от бактерий и микробов и убедились в высоком уровне организации работы завода.
О своих впечатлениях от экскурсии ученики поделились теплыми словами:
– Мы увидели, как очищается вода и как достигается 100-процентная чистота. Теперь мы будем пить воду «Самал» без сомнений и рекомендуем её другим. Эта вода — залог здоровья!
Для учащихся эта экскурсия стала познавательной и увлекательной.
