20
январь
2025
“Салауатты сана – бақытты өмірдің негізі”
2025 жылдың 16 қаңтарында Алматы қаласындағы А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында тағылымы терең ерекше бір кездесу өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шара “Салауатты сана – бақытты өмірдің негізі” тақырыбын арқау етті. Жиын ҚХА Аналар кеңесінің «Салауатты сана» жобасы аясында жүзеге асырылды. Кездесуге 1–11 сынып оқушыларының ата-аналары шақырылып, қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Аталған жобаның негізгі мақсаты – қоғамдағы зиянды әдеттермен күресу. Әсіресе нашақорлық, құмар ойындарға әуестік, тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм мен ысырапшылдыққа қарсы әрекет етуді көздейтін бұл бастама болашақ ұрпақты саналы тәрбие арқылы салауатты өмір салтына баулуды мұрат етеді.
Іс-шара мектеп оқушыларының “Салауатты өмір – саналы таңдау” атты жүрекке жылы тиер сахналық қойылымымен ашылды. Балалардың шынайы өнері ата-аналардың көңілін тебірентіп, ойға жетеледі. Көрермендер сахнадағы әр сәттен рухани нәр алып, балалардың өнеріне тәнті болды. Одан кейін мектеп психологы Аскарова Р. Н. дайындаған бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте отбасы тәрбиесінің құндылығы мен саналы өмір салтының артықшылықтары кеңінен талқыланып, мазмұнды ойлар ұсынылды.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы сөз сөйлеп, қоғамдағы ананың рөлі мен тәрбиенің маңыздылығына тоқталды. Оның әр сөзі көпшіліктің жүрегіне жетіп, терең ойға жетеледі. Әсіресе, жастардың саналы азамат болып қалыптасуы үшін отбасы мен қоғамның бірлесе атқаратын рөлі ерекше атап өтілді.
Кездесуді мектеп директоры Умаров Шавкат Ниязович қорытындылап, мұндай тағылымы мол бастамалардың жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны зор екенін баса айтты. Ол салауатты өмір салтын насихаттау тек білім беру мекемелерінің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін ерекше атап өтті.
Бұл жиын әрбір қатысушының жүрегіне ізгілік ұялатып, терең тағылым қалдырды.
16 января 2025 года в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева в городе Алматы состоялась особая встреча с глубоким смыслом. Мероприятие, организованное совместно с Советом матерей Ассамблеи народа Казахстана (АНК), прошло в рамках проекта Совета матерей АНК «Здоровое сознание» и было посвящено теме «Здоровое сознание – основа счастливой жизни». На собрание были приглашены родители учащихся 1–11 классов, чтобы обсудить актуальные проблемы, волнующие общество.
Цель данного проекта – борьба с вредными привычками в обществе, такими как наркомания, пристрастие к азартным играм, бытовое насилие, вандализм и расточительство. Основная миссия инициативы – защитить молодежь от этих разрушительных явлений и через воспитание сознательного поколения привить привычку к здоровому образу жизни.
Вечер начался с трогательной театральной постановки «Здоровый образ жизни – осознанный выбор», представленной учениками школы. Искусство детей растрогало родителей до слез и заставило задуматься. Затем был показан видеоролик, подготовленный школьным психологом Аскаровой Р. Н., в котором обсуждались преимущества осознанной жизни и семейного воспитания.
Во время мероприятия выступила председатель Совета матерей Ассамблеи народа Казахстана, известный общественный деятель Назипа Идрисовна Шанай. В своем выступлении она глубоко затронула роль матери в обществе и подчеркнула важность воспитания, что вызвало сильный отклик у слушателей.
Собрание завершил директор школы Шавкат Ниязович Умаров, который отметил, что подобные благородные инициативы играют важную роль в воспитании подрастающего поколения. Он подчеркнул, что пропаганда здорового образа жизни – это задача не только школы, но и всего общества в целом.


