16
январь
2025
Қыздар жиналысы
Бүгін А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында 8–11 сынып қыздарының қатысуымен тәрбиелік бағыттағы жалпы жиналыс өтті. Шараның негізгі мақсаты – қыздарға адамгершілік, тәртіп, мәдениет пен интернет қауіпсіздігі мәселелерін түсіндіру, сондай-ақ олардың қоғамдағы рөлі мен болашағын қалыптастыру болды.
Мектеп психологы Аскарова Р.Н. “Қыздар арасындағы қарым-қатынас: қақтығыстар және кибербуллингтен шығу жолдары” тақырыбында кеңес беріп, қыздар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, бір-бірін құрметтеу мен түсіну жолдары туралы ақпаратпен бөлісті. Ол жастардың бір-біріне деген қамқорлығын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, сындарлы қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру қажеттігін түсіндірді.
Әуезов ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға лейтенанты Самбетбаев С.Е. “Интернеттегі буллинг: желідегі қауіпсіз байланыс” тақырыбында баяндама жасап, әлеуметтік желілер мен интернеттің қауіпсіз пайдаланылуы туралы ақпарат берді. Ол жастарды желіде сақтық танытуға, интернетте жасалатын заңсыз әрекеттер мен кибербуллингтен сақ болуға шақырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ражапова Г.С. “Бүгінгі қыздарға қойылатын талаптар” тақырыбында сөз сөйлеп, тәртіп, мәдениет және қоғамдағы қыздардың орны туралы маңызды мәселелерді қозғады. Ол жастарға жеке тұлға ретінде қалыптасуға, ұлттық құндылықтарды ұстануға және қоғамға пайда келтіруге бағытталған тәрбиенің маңыздылығын атап өтті.
Жиналыс соңында мектеп директоры Умаров Ш.Н. қорытынды сөз сөйлеп, қыз баланың қоғамдағы орны мен рөлін айшықтай келе, олардың тәрбиесі мен мәдениеті ұлттың келбетін айқындайтынын ерекше атап өтті.
Бұл шара қыздардың білімін тереңдетуге, тәртіп пен мәдениетке деген көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ интернет кеңістігінде қауіпсіз болуға деген жауапкершілікті сезінуге бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Сегодня в школе-гимназии №153 имени А. Розыбакиева состоялось общее собрание для девочек 8–11 классов, направленное на воспитательную работу. Во время мероприятия обсуждались важные темы, и участники получили полезную информацию.
Психолог школы Аскарова Р.Н. провела консультацию на тему «Отношения между девочками: конфликты и способы выхода из кибербуллинга», предложив рекомендации по укреплению конструктивных отношений и взаимопонимания среди подростков. Она подчеркнула важность уважения и поддержки в общении, а также развития навыков разрешения конфликтов.
Старший лейтенант отдела местной полиции Управления полиции района Әуезов Самбетбаев С.Е. представил доклад на тему «Буллинг в Интернете: безопасное общение в сети» и рассказал о мерах, которые следует предпринимать для обеспечения безопасности в интернете. Он акцентировал внимание на необходимости соблюдения осторожности при использовании социальных сетей и защиты от кибербуллинга.
Заместитель директора по воспитательной работе Ражапова Г.С. выступила с докладом на тему «Требования к девочкам в современном обществе» и рассказала о значении порядка, культуры и самоуважения. Она подчеркнула, что воспитание девочек, их культура и моральные принципы являются важнейшими составляющими формирования гармоничного и здорового общества.
В заключение директор школы Умаров Ш.Н. подытожил встречу, выделив особую роль девочек в обществе. Он отметил, что воспитание и культура девочки определяют облик нации и имеют огромное значение для будущего страны.
Это собрание стало важным шагом в расширении знаний девочек, формировании их взглядов на важность культуры, дисциплины и безопасности в интернете.
