Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
08
январь
2025

Рагипова Фатима Кудусжановна

Рагипова Фатима Кудусжановна

Рагипова Фатима Кудусжанқызы – заманауи білім беру саласында өз еңбегімен ерекшеленген жас маман. Ол 1998 жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келді. Бала кезінен білімге құштарлығы байқалған Фатима 2004-2015 жылдары А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында білім алып, оны үздік нәтижемен тәмамдады.
Орта мектептегі оқуын аяқтаған соң, 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, 2019 жылы биология және биотехнология мамандығын меңгеріп шықты. Жоғары оқу орнындағы жетістіктері мен табандылығы оның кәсіби өмірінде де айқын көрінді.
2019 жылдың қыркүйегінде туған мектебіне қайта оралып, кітапханашы қызметінен бастаған Фатима Кудусжанқызы көп ұзамай өз пәні бойынша сабақ беруді қолға алды. 2020 жылдан бастап ол биология пәнінің мұғалімі ретінде оқушылардың білім көкжиегін кеңейтуге үлес қосып келеді. Оның еңбекқорлығы мен біліктілігі 2023 жылы тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары қызметіне тағайындалуына негіз болды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: