Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
30
декабрь
2024

📚Ерекше өткізілген буккроссинг📚

📚Ерекше өткізілген буккроссинг📚
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы “Балалар кітапханасы” жобасы 
Мектебімізде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланып, әдеби шығармаларды тұрақты оқуға баулу мақсатында сыныптан тыс түрлі іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Солардың бірі – 17 желтоқсан күні 7-сынып оқушыларының Достық шағын ауданындағы «Сказка» кафесінде ұйымдастырылған буккроссинг болды. Бұл ерекше шараны өткізу бастамасын ұйғыр тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сидикова Ирина Абдулжанқызы көтерді.
Шараға қызығушылық білдірген оқушылар саны көп болғанымен, шараның кафеде өткізілуіне байланысты олар топтарға бөлінді. Алайда бұл буккроссингтің әсерлі өтуіне еш кедергі келтірмеді. Кафеде тек оқушылар ғана емес, түскі ас ішуге келген басқа да адамдар болды. Осыған қарамастан, оқушылар оқыған кітаптарындағы қызықты эпизодтарды ортаға салып, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасап, өз ой-пікірлерін жеткізді.
Шара барысында тек кітап оқуға қызығушылық арттырып қана қоймай, көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін жетілдіру, пікір алмасу дағдыларын дамыту мүмкіндігі де болды. Кафеде әдеби кітаптарға арналған арнайы сөрелердің болуы оқушылардың қызығушылығын одан әрі арттырды.
Бұл буккроссинг мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті. Оқушылар өздерін жаңа қырынан танытып, белсенділік көрсетті. Шараны ұйымдастырған ұстазымызға шексіз алғысымызды білдіреміз. Әрбір жаңашылдықтың қызықты әрі әсерлі болары сөзсіз!
Особенный буккроссинг
Программа «Единое воспитание»
Проект «Детская библиотека»
В нашей школе регулярно проводятся внеклассные мероприятия, направленные на развитие интереса учащихся к чтению художественной литературы и рациональное использование свободного времени. Одним из таких мероприятий стал буккроссинг, организованный 17 декабря учениками 7-го класса в кафе «Сказка», расположенном в микрорайоне Достык. Инициатором этого мероприятия выступила учитель уйгурского языка и литературы Сидикова Ирина Абдулжанкызы.
Мероприятие вызвало большой интерес среди учащихся, однако из-за ограниченного пространства кафе участники были разделены на группы. Это не помешало провести буккроссинг на высоком уровне. В кафе, помимо учеников, находились и посетители, пришедшие на обед, что создало особую атмосферу. Учащиеся с энтузиазмом делились интересными эпизодами из прочитанных книг, анализировали действия героев, выражали свои мысли и развивали навыки публичного выступления.
Особо стоит отметить, что в кафе были полки с художественными книгами, что дополнительно вдохновило участников.
Буккроссинг прошёл в увлекательной и познавательной форме. Он не только способствовал развитию интереса к чтению, но и помог учащимся улучшить навыки общения, культурного поведения в общественных местах и умения высказывать своё мнение. Мы искренне благодарим нашего учителя за организацию такого уникального мероприятия. Новаторские идеи всегда привносят что-то интересное и полезное!
📚Алаһидә өткүзүлгән буккроссинг📚
“Біртұтас тәрбие” программиси “Балилар китапханиси” лайиһәси 
Мәктивимиздә оқуғучиларниң бош вақтини тоғра пайдилиниши вә әдәбий әсәрләрни дайимий оқуши үчүн  синиптин ташқири һәрхил ишлар жүргүзилип туриду. Шундақ синиптин ташқири ишларниң бири түнүгүн 17-декабрь күни 7-синип оқуғучилири Достлуқ мәһәллисидики  «Саказка»  кафесида буккроссинг өткүзди. Бу алаһидә  китап оқуш мәрасимини өткүзүш тәшәббускари уйғур тили вә әдәбияти пәни муәллими Сидикова Ирина Абдулжан қизи болди. Көп оқуғучилар қатнишиш истигини билдүргән болсиму, кафеда өткүзгәнликтин топларға бөлүнүшкә тоғра кәлди.  Мәзкүр буккроссингму мәктәптә өткүзүлгәндәк қизиқ болди. Кафеда оқуғучилардин бөләк чүшлүк тамақ ичишкә киргән адәмләр көп болди. Шундақ болсиму биз оқуған китаплиримиздики қизиқ эпизодларни ейтип, қәһриманларниң иш-һәрикәтлирини тәһлил қилип, сөзләш, пикир қилиш қабилийәтлиримизни намайиш қилдуқ. Йәнә ейтип кетәрлик  жай, бу кафеда әдәбий китаплар қоюлған тәкчиләр бар екән. Мәзкүр буккроссинг қизиқарлиқ вә мәналиқ өтти.  Бизгә китап оқушни тәвсийә қилғанла әмәс, жәмийәтлик орунларда өзимизни тутуш, көпчилик арисида сөзләш, пикир қилиш маһарәтлиримизниң риважлинишиға төһписини қошуватқан  устазимизға миннәтдарлиқ билдүримиз. Һәрқандақ йеңилиқниң қизиқарлиқ болуши сөзсиз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: