Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
30
декабрь
2024

«Жаса, жайна, Қазақстан!»

“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” бағдарламасы
ЖЕЛТОҚСАН - БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ
Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ халқының асқақ арманына айналған Тәуелсіздік мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтуде. Соның бір дәлелі – Алматы қаласындағы А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында өткен «Жаса, жайна, Қазақстан!» атты мерекелік шара.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа еліміздің өткен тарихын тереңірек танытып, Тәуелсіздіктің маңызын ұғындыру, елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді ояту.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, 3 «Б» сынып оқушыларының орындауындағы «Туған жердей елім бар» әнімен жалғасты. Жүргізушілер Тәуелсіздіктің қилы тарихы туралы сыр шертсе, көрермендер қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде оқылған Отан туралы өлеңдерді тыңдап, елдік рухты сезінді.
1986 жылдың Желтоқсан оқиғасына арналған бөлімде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова сынды қайсар жастардың есімдері құрметпен аталып, бір минут үнсіздік жарияланды. Бұл сәт көрермендерді терең тебіреніс пен ойға қалдырды.
Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, халқының достығы мен бейбіт өмірі жайлы бейнефильмдер көрсетілді. Ән мен жырға толы бағдарламаның ең жарқын сәттері – «Бахар» би ансамблінің әсерлі билері мен оқушылардың орындауындағы патриоттық әндер болды. Мәселен, 4 «В» сыныбының «Егемен ел Қазақстан», 6 «Д» сыныбының «Туған өлкем», 4 «Д» сынып оқушысы Омаржанов Арафаттың «Дияримни сеғиндим» және 4 «А» сыныбының «Қазақстан бақытты» әндері көрермендер жүрегін жаулап, мерекелік рух сыйлады.
Салтанатты жиынның қорытынды сөзін гимназия директоры Ш. Н. Умаров сөйлеп, жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Ол оқушыларды білімге ұмтылып, елінің патриоты болуға шақырды. Сонымен қатар, үздік оқушылар мен ұстаздарға түрлі деңгейдегі марапаттар мен алғыс хаттар салтанатты түрде табысталды.
Бұл мерекелік шара тек Тәуелсіздікті ұлықтау ғана емес, жас буынның бойына елге деген шексіз сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялатқан рухани сабақ болды.
Программа «Біртұтас тәрбие»
Декабрь — месяц единства и согласия
Сегодня по всей стране проходят торжественные мероприятия, посвященные Дню Независимости, который стал воплощением вековой мечты казахского народа. Одним из таких мероприятий стало празднование в актовом зале гимназии №153 имени А. Розыбакиева в Алматы, организованное под девизом «Да здравствует и процветает Казахстан!».
Основной целью мероприятия было приобщение молодого поколения к истории нашей страны, воспитание уважения к независимости, пробуждение любви к Родине и формирование патриотического духа.
Торжественное собрание началось с исполнения Государственного гимна Республики Казахстан и песни «Туған жердей елім бар» в исполнении учеников 3 «Б» класса. Ведущие рассказали об этапах становления независимости, после чего зрители услышали стихи о Родине на казахском, уйгурском, русском и английском языках, что подчеркнуло единство и многонациональность нашей страны.
Особое внимание было уделено декабрьским событиям 1986 года. С почтением вспомнили героев — Кайрата Рыскулбекова, Ербола Сыпатаева, Ляззат Асанову, Сабиру Мухамеджанову и других, отдавших свои жизни за свободу. В их честь была объявлена минута молчания, которая тронула сердца всех присутствующих.
В ходе мероприятия зрителям были показаны видеоматериалы о достижениях Казахстана за годы независимости, а также прозвучали песни о дружбе и светлом будущем страны. Настоящим украшением праздника стали выступления танцевального ансамбля «Бахар», а также исполнение патриотических песен учениками. Среди них — «Егемен ел Казахстан» (4 «В» класс), «Туған өлкем» (6 «Д» класс), «Дияримни сеғиндим» в исполнении ученика 4 «Д» класса Омаржанова Арафата и «Қазақстан бақытты» (4 «А» класс).
В завершение мероприятия директор гимназии Ш. Н. Умаров поздравил собравшихся с Днем Независимости, подчеркнув, что этот праздник символизирует воплощение мечты предков. Он призвал учеников к усердной учебе и напомнил о гражданском долге перед Родиной. Директор также вручил благодарственные письма и грамоты учащимся и учителям, проявившим себя на различных уровнях — от школьного до республиканского.
Этот праздник стал не только данью уважения к независимости страны, но и духовным уроком, который укрепил в сердцах молодого поколения любовь и гордость за свою Родину.

https://www.facebook.com/share/v/19WUdV7ZDJ/​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: