Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
02
декабрь
2024

«Білім басқармасының кубогы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында, 2024 жылдың 28 қарашасында, аудандық деңгейде әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Білім басқармасының кубогына» арналған әскери-эстафеталық сайыс өтті. Бұл шара патриотизмді дәріптеу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және үздік командаларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Сайысқа алдын ала мұқият дайындықтан өткен мектеп командалары қатысып, өз шеберліктерін сынады. Гимназиямыздың оқушылар командасы барлық нормативтер бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп, ұйымшылдықтары мен шеберліктерінің арқасында жүлделі II орынды иеленді.
Бұл жетістік – оқушыларымыздың тынымсыз еңбегі мен жеңіске деген талпынысының жарқын көрінісі. Команданы жоғары деңгейде дайындаған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ахметов Мирзахмет Махмутовичке ерекше алғыс білдіреміз.
28 ноября 2024 года прошли соревнования по военизированной эстафете, посвящённые Дню Независимости Республики Казахстан, в рамках «Кубка Управления образования». Мероприятие было организовано с целью пропаганды патриотизма, популяризации здорового образа жизни среди молодежи и определения лучших команд.
В соревнованиях приняли участие школьные команды, прошедшие предварительную подготовку и продемонстрировавшие свои навыки. Команда нашей гимназии показала высокие результаты по всем нормативам и завоевала второе место благодаря своему мастерству и сплочённости.
Этот успех — яркое доказательство их усердной работы и стремления к победе. Особую благодарность выражаем преподавателю по предмету «Начальная военная подготовка» Ахметову Мирзахмету Махмутовичу за отличную подготовку команды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: