12
ноябрь
2024
Абдулла Розыбакиев атындағы 153 мектеп-гимназия- 60 жыл
Абдулла Розыбакиев атындағы 153 мектеп-гимназия— Қазақстандағы алғашқы ұйғыр гимназиясы және ұлттық білім беру саласындағы ірі оқу ордаларының бірі. Көптілді білім беру жүйесінде ана тілімізді сақтай отырып, қазіргі заман талаптарына сай ұрпақ тәрбиелеп келе жатқан оқу ордасы бүгінде халықаралық деңгейге көтерілді. Заманауи техникалық базамен жабдықталған гимназия ұйғыр мектептерінің ресурстық орталығына айналып, ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы қауымдастырылған мектептерінің бірі. Алдағы мақсат — халықаралық IB бағдарламасына қосылып, білім деңгейін жаңа сатыға шығару.
8 қараша күні Абдулла Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиямыз өзінің мерейлі 60 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтті. Бұл ерекше шараға мектептің ардагер ұстаздары, танымал зиялылар, қазіргі ұжымның ұстаздары, шәкірттері және ата-аналары қатысып, білім ордасының тарихи жетістіктері мен жарқын болашағына куә болды. Баршаның жүрегінен орын алған мерекелік кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған түрлі ән-билермен жалғасын тапты. Кеште «Юлтузлар» және «Йеңи әвлат» топтары, «Бахар» және «Достлуқ» ансамбльдері және 4 «Г», «Д» сынып оқушылары ұсынған әсем әндер мен нәзік билер келген қонақтарға тамаша әсер сыйлады. Мектебіміздің түлектерінен құралған «Тумар» тобы және Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің опера және балет театрының солисі Муштәри Исламова да кешті әнмен өрнектеп, өз мектебіне деген жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Шараның ерекшелігі — 60 жылдық тарихын арқау еткен мектеп кітабының тұсаукесері болды. Алғашқы сөз және кітаптың тұсауын кесу құрметі Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Бану Бағдаулетқызы Манапова мен Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Назар Балымбаевқа беріліп, білім ордасының ұлттық құндылықтарын дәріптеп, қоғамдағы рөліне жоғары баға берді. Бұл кітап мектептің өткені мен бүгінгісін, әрбір кезеңін, ұстаздардың ерен еңбегін, оқушылардың жеңістерін жарқын үлгісін айшықтайды.
Салтанатты жиын барысында білім мен мәдениет саласына елеулі үлес қосқан құрметті қонақтар жиналып, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Солардың қатарында ҚР Парламент Мәжілісінің 4-5 шақырылым депутаты, Қазақстанның халық әртісі Мұрат Әбдірімұлы Ахмедиев, 1-2 шақырылым Қазақстан Республикасы Парламент Сенат депутаты Марс Арупұлы Батталов, гимназияның тұрақты қолдаушысы, «Бент» компаниясының басқарма төрағасы, меценат Дилмұрат Пірмұхамедұлы Кузиев, ҚХА Кеңесінің мүшесі, Республикалық Ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Долқунтай Абдухелил, Қазақстан ұйғырлары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Һакимжан Арупов, Әуезов аудандық білім бөлімін басқарып, осы ауданға қарасты мектептердің дамуына зор үлес қосқан Мекебай Құанышбайұлы Бұзаубеков, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Өрлеу» Алматы облысы бойынша педагогтар біліміне арналған институттың аға оқытушысы Махмұтжан Жәлілов, «АЗМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Хизматов. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы Дәурен Сағынғалиев, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, №140 мектеп-гимназияның директоры Сәния Тілеубай, «Уйғур авази» газетінің бас редакторы Ершат Әсметов және басқа да құрметті қонақтар болды. Олар ұстаздар мен гимназия ұжымына деген сый-құрметін табыстап, рухани және материалдық қолдау көрсетті. Бұл кеш ұстаздар еңбегінің қадірін тағы бір мәрте асқақтатты, оларға деген алғыс пен құрметтің шынайы көрінісіне айналды.
Кештің көрігін атақты әртіс Мұрат Әбдірімұлы Ахмадиев жетекшілік ететін «Яшлиқ» ансамблі шарықтатып, тамаша әуендерімен шараның сәнін кіргізді.
Кеш соңында сөз алған гимназия директоры, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Шавкет Ниязұлы Умаров мектептің бүгіні мен жарқын болашағы жайында тебірене сөйлеп, білімнің қадірін түсінген елдің игілігін шынайы алғыс сезімімен атап өтті. Білім ордасына қамқорлық танытып, әрдайым қолдау білдіріп отырған Қазақстан Республикасына, шәкірттерге білім мен тәрбие беруге жанын салған ұстаздарға және осы салтанаттың мәртебесін арттырған қадірменді қонақтарға ризашылығын білдірді. Шавкет Ниязұлының сөзі ұстаздарға деген құрмет пен ризашылыққа толы болып, болашаққа деген сеніммен өрнектелді.
Мерейтойлық кеш оқушылардың орындауындағы «Атамекен» әнімен аяқталып, мектеп ұжымы мен қонақтар үшін тағы бір есте қаларлық әрі рухани күш сыйлаған күнге айналды.
Абдулла Розибақиев намидики 153-мәктәп-гимназиямиз хәлиқаралиқ дәрижигә көтирилип, ана тил асасида көптиллиқ билим бериш системисида тәжрибә топлиған, заманивий техникилиқ база билән толуқланған, уйғур мәктәплириниң асасий ресурслиқ мәркизигә айланди. Гимназиямиз ЮНЕСКО-ниң Қазақстан Жумһурийитидики ассоциацияләнгән мәктәплириниң бири болуп, Хәлиқаралиқ IB программисиға кириш алдида туриду.
Узун жиллиқ тарихқа егә Абдулла Розибақиев намидики №153 -мәктәп-гимназиямиз шәнбә күни 60 жиллиқ тәвәллудини дағдуғилиқ нишанлиди.
Тәнтәнигә мәктивимизниң пешқәдәм устазлири , атақлиқ зиялилар вә мәктәп устазлири , оқуғучилири , шундақла ата-анилар қатнашти . Һәмминиң көңлидин чиққан вә чоңқур тәсират қалдурған мәзкүр мәрасим ҚЖ мәмликәтлик гимни билән башлинип , “Юлтузлар” вә “Йеңи әвлат” топи, “Бахар” вә “Достлуқ” ансамбли , шундақла 4 “Г”,”Д” синип оқуғучилири орунлиған йеқимлиқ нахша-саз, әвришим уссуллар меһманларға арамбәхш дәмләрни беғишлиди. Шундақла гимназиямизниң сабиқ оқуғучилиридин тәркип тапқан “Тумар” топи вә Абай намидики Қазақ миллий университетиниң опера вә балет театриниң солисти Муштәри Исламова өз ана мәктивини 60 жиллиқ тәвәлллуди билән тәбриклигәч, нахшилирини тәғдим қилди.
Мәзкүр мәрасим һарписида 60 жиллиқ тарихни өз ичигә алған китапниң лентисини кесиш һөрмити вә дәсләпки тәбрик сөз Әвезов наһийә һакиминиң орунбасари Бану Бағдәвлетқизи Манаповаға вә Қазақстан хәлқи Ассамблеяси хәтчилигиниң рәһбири Назар Балғымбаевқа берилди. Мәктәпниң 60 жиллиқ тарихиниң өзи – бир китап болуп, һәрбир йүзлиниш, һәр
бир етирап – оқуғучиларниң, устазларниң һәм шундақла иҗтимаий муһитниң сандуғи.
Мәрасим жәриянида Қазақстан Жумһурийити Парламент мәжлисиниң 4-5 чақирилим депутати, Қазақстан хәлиқ артиси Мурат Абдримоғли Әхмәдиев, мәктивимиз һамийлириниң бири , “Бент” ширкитиниң башқарма рәиси Дилмурат Пирмуһәмәдоғли Кузиев, Әвезов наһийәлик Билим бөлүминиң башчиси хизмитини атқуруп, мәзкүр наһийәлик мәктәпләрниң тәрәққиятиға зор төһпә қошқан Мекебай Қуанышбайоғли Бузаубеков , ҚЖ Билим бериш ишиниң һөрмәтлик хадими, «Өрлеу» Алмута вилайити бойичә педагогларниң билимини йетилдүрүш институтиниң оқутқучиси Махмутжан Жәлилов, «АЗМК» җавапкәрчилиги чәкләнгән йолдашлиғиниң мудири Мурат Хизмәтов, шәһәрлик билим бериштики йеңи технологияләрниң илмий-методикилиқ мәркизиниң башчиси Дәурен Сағынғалиев, 140 мәктәп-гимназиясиниң мудири Сәния Тилеубай, мәктивимизниң экс мудири Зерип Молотов, «Уйғур авази» гезитиниң баш муһәррири Ершат Әсмәтов вә башқилар сөзгә чиқип, өзлириниң иллиқ тиләклирини ейтқач, атиған соғилирини тапшурди. Тәнтәнилик рәвиштә һәм заманивий техникилиқ җабдуқлар билән безәлгән сәһнә төридә гимназия коллективи намиға иллиқ тиләклирини изһар қилип, устазларни маддий вә мәнивий җәһәттин рәғбәтләндүргәнләр интайин көп болди. Хәлқимиз атақлиқ артиси Мурат Абдуреимоғли Әхмәдиевниң рәһбәрлигидики “Яшлык” ансамбли өзлириниң нахшилири билән мәйрәмлик кәчни техиму гүлләндүрди .
Мәйрәмлик кәч ахирида сөз новити мәктивимиз мудири, “Құрмет” вә “Парасат” ордениниң саһиби Шәвкәт Ниязоғли Өмәровқа берилди . Мудиримиз мәктәпниң тарихи һәм бүгини тоғрисида қисқичә тохтилип, ана тилимизда билим елишқа имканийәт яритип бериватқан Вәтинимиз Қазақстан Жумһурийитигә вә мәктәп тәрәқиятиға әмгиги сиңгән устазларға, шундақла мәйрәмлик кәчкә кәлгән әзиз меһманларға чәксиз миннәтдарлиғини билдүрди.
Мәйрәмлик тәнтәнә оқуғучиларниң “Атамекен” нахшиси билән аяқлишип, әстә қаларлиқ чоң бир тарихий күнгә айланди






