12
ноябрь
2024
Қаһарман ана Кузиева Шарапатхан қажы Нодарқызының 100 жылдық мерейтойы
2 қараша күні Абдулла Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында Қаһарман ана Кузиева Шарапатхан қажы Нодарқызының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында №101 және №153 мектеп-гимназия командалары арасында спорттық жарыстар өтті. Іс-шараны гимназияның мәдениет залында ашып, жүргізушілер келген қонақтарды Шарапатхан ананың өмірімен таныстырып шықты. Ананың тарихи отанындағы жастық шағын білімге арнап, Қазақстан жеріне көшіп келгеннен кейін отбасын асырау, балаларының аяққа тұруына өмірлік серігіне қолдау болып, бар күшін салған еңбегі келген қонақтарды тебірентті. Сонымен қатар, ата-анасының саналы тәрбиесі мен мыңдаған қиындықтарды жеңе отырып өсірген он баласы анасының мейірімі мен әкесінің еңбегін ақтап, олардың қартайған шағында көрсеткен қамқорлығы көпке үлгі болды. Мерекелік шара барысында балалары Ділмұрат Кузиев, Саадат Кузиева Шарапатхан Нодарқызы туралы ең жылы естеліктерімен бөлісіп, аналарын ризашылықпен еске алды. Мерекені гимназияның жас өрендері мазмұнды өлеңдерімен, ән-биімен толықтырды.
Шара Алматы қаласындағы екі ұйғыр гимназиясы оқушыларының спорт алаңында күш сынасуымен жалғасты. Қыздар мен ұлдар арасында волейбол, мини-футбол, шахмат түрлері бойынша спорттық жарыстар өтіп, спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Ойын нәтижесінде М. Яқупов атындағы №101 мектеп-гимназия оқушыларының ұлдар волейбол командасы 1-орынға ие болса, қыздар волейбол командасы, мини-футбол, үстел теннисі және шахматтан алаң иелері бірінші орынды бермеді.
Шарапатхан қажының үлкен ұлы, ұлттық мәдениетіміздің жанашыры, кәсіпкер-меценат Кузиев Ділмұрат Пірмұхаметұлы жеңіске жеткен командаларды материалдық және рухани сыйлықтармен марапаттап, алдағы шығармашылықтарына табыс тіледі.
2-ноябрь күни А.Розибақиев намидики №153-мәктәп-гимназиясидә
Қәһриман ана Кузиева Шарапәтхан һажим Нодәр қизиниң 100 жиллиқ тәвәллуди һарписида №101 вә №153 мәктәп-гимназия командилири арисида спорт мусабиқилири өткүзүлди. Иш-чарини авал гимназия мәдәнийәт залида ечип, риясәтчиләр кәлгән меһманларни Шарапәтхан аниниң һаяти билән тонуштуруп чиқти. Аниниң тарихий вәтинимиздики яшлиқ дәврини маарипқа, Қазақстан дияриға көчүп чиққандин кейинки дәврини аилисини асраш, балилирини путиға турғузуш үчүн өмүрлүк жүптигә яр-йөләк болуп қилған әжри кәлгән меһманларни һаяжанға салди. Шундақла ата-аниниң яхши тәрбийиси, миң бир мәшәқәтләр билән қатарға қошқан он пәрзәндиниң анисиниң ақ сүтини, атисиниң әжрини ақлап, қерилиқта дөләткә йәткүзгини көпчиликкә үлгә болди. Тәнтәнә давамида пәрзәнтлири Дилмурат Кузиев, Саадәт Кузиевалар Шарапәтхан Нодәр қизи һәққидә әң иссиқ әслимилири, пәрзәнтлик миннәтдарлиғи билән анини әслиди. Тәнтәнини гимназиямизниң яш ғунчилири өзлириниң мәзмунлуқ шеирлири, нахша-уссуллири билән мәзмунән толуқтуруп бәрди.
Тәнтәнә Алмута шәһиридики таза икки уйғур гимназияси оқуғучилириниң спорт мәйданида күч синиши билән давамлашти. Спортниң қизлар вә оғуллар арисидики волейбол, мини-футбол, шахмат түрлири бойичә спорт мусабиқилири өткүзүлүп, спорт ишқивазлири өзлириниң һүнирини көрсәтти. Оюн нәтижисидә М.Яқупов намидики №101-мәктәп-гимназия оқуғучилириниң волейболди оғуллар командиси 1-орунни егилисә, волейболдин қизлар командиси, мини-футбол, үстәл тенниси вә шахматтин мәйдан егилири 1-орунни бәрмиди.
Шарапәтхан һажимниң чоң оғли , миллий мәдәнийитимиз жанкөйәри, тижарәтчи-меценат Дилмурат Кузиев Пирмуһәмәтоғли ғалибә қазанған командиларни маддий вә мәнивий соғилар билән мукапатлап, кейинки ижадийитигә чоң муваппәқийәтләр тилиди.


