Алматы қаласы Білім басқармасының
шаруашылық жүргізу құқығындағы
«А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназия»
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
04
март
2021

«Дүние жүзілік экономикадағы Қазақстанның орны» тақырыбында лекция өткізілді.

Еліміз тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 3 наурыз күні мектебіміздің 11-сынып оқушыларының қатысуымен «Дүние жүзілік экономикадағы Қазақстанның орны» тақырыбында лекция өткізілді. Лекцияны география ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Үлттық университетінің профессоры Надыров Шерипжан Марупұлы жүргізді. Лекция барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және табиғи-ресурстық жағдайы, тәуелсіздік жылдарында жеткен Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері, шаруашылық құрылымы туралы мәліметтер айтылды. Интенсивті дамып келе жатқан Қазақстан экономикасын көтеру мәселелері қозғалып, шикізатқа бағытталған экономика және оның салдары туралы айтылды. Оқушыларға Қазақстан экономикасын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан шаралар және келешекке жоспарланған стратегиялық жобалар туралы құнды ақпараттар берілді. Лекция соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерін білдірді. Лекция тақырыбы заманауи өзекті мәселелерді қозғап, өте мазмұнды да қызықты өтті. Мектеп-гимназия оқушылары Шерипжан Марупұлына өз алғыстарын білдірді.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: