«Білімім — Отаныма» атты үздіктерді марапаттау рәсімі
Бүгін мектебімізде 5–10-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Білімім — Отаныма» атты үздіктерді марапаттау рәсімі жоғары деңгейде өтті. Аталған рәсімнің негізгі мақсаты — оқуда үлгілі нәтиже көрсетіп жүрген, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысатын, әдептілігі мен тәрбиесі арқылы өзгелерге үлгі болып жүрген оқушыларды ынталандыру, олардың еңбегін бағалау және жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығын арттыру болды. «Білімім — Отаныма» деген ұлы ұран әрбір оқушыға үлкен жауапкершілік