«Көктем – ақын шабытында» атты әдеби кеш өткізілді.
14-мамыр күні мектебімізде ұйғыр тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында мазмұнды әдеби кеш өтті. «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылған бұл шара ұйғыр поэзиясының көрнекті өкілі Ілия Бәхтияны еске алуға арналды. «Көктем – ақын шабытында» атты кешке «Бейбітшілік әлемі» шығармашылық бірлестігі жанындағы Халықтар достығы ұйымының төрағасы А. Ибрагимов, ақынның жиені С. Палтушов, жерлесі П. Қожаев, ағартушы З. Молотов, ақын И. Жалилов және