«IB мәдениетін қалыптастыру: философиядан практикаға дейін»
5-наурыз күні А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясында «IB мәдениетін қалыптастыру: философиядан практикаға дейін» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар білім беру қауымдастығының педагогтары мен қонақтарын заманауи оқыту тәсілдерін талқылау және мектепте International Baccalaureate (IB) мәдениетін дамыту мақсатында бір алаңға біріктірді. Іс-шара бағдарламасы мазмұнды әрі ауқымды болды. Қатысушылар IB философиясымен және оның білім беру үдерісіндегі практикалық