"Зерде"зерттеу жұмыстары
«Зерде» зерттеу жұмыстары конкурсының аудандық кезеңінде 6-Б сынып оқушысы Алахунов Алмас математика пәні бойынша 95 балл жинап, І орынға ие болды! 🥇 Алмас өзінің зерттеушілік қабілетін, логикалық ойлауын және тақырыпты терең меңгергенін дәлелдеді. Оның тұрақты еңбегі мен жауапкершілігі жоғары бағаланып, қалалық кезеңге жолдама алды. Ғылыми жетекшісі: Смолинова А.Т. Ұстазының кәсіби қолдауы мен дұрыс бағыт-бағдары — жоғары нәтижеге жетудің маңызды бөлігі болды. Конкурстың мақсаты – балалардың