Жаңа жыл
Жаңа жыл - бұл ғажайып пен қуаныштың, күтпеген сезімдердің уақыты. Бұл мерекені балалар ерекше асыға күтеді, өйткені олар жаңа армандар, үміттер, мақсаттар мен тілектердің орындаларына сенім артады. Міне, осы армандарды жүзеге асыру мақсатында, биыл гимназиямызда мектепалды дайындық және 1-сынып оқушыларына қамқоршыларымыз Жаңа жылдық сыйлықтарын тарту етті. Балалардың қуанышында ешқандай шек болмады. Қамқоршыларымызға балаларға көрсеткен мейірімі мен жанашырлығы үшін шынайы алғысымызды