Уроки жизни
Бүгін мектебіміздің директоры Умаров Ш.Н. 9-сынып оқушыларымен «Өмір сабақтары» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Кездесу барысында тәртіп, ерік-жігер, мақсат қою және өмірдің мәні жайлы маңызды ойлар қозғалды. Директор өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, оқушыларға алдағы өмір жолында дұрыс таңдау жасап, еңбекқор әрі табанды болудың маңызы туралы құнды кеңестер берді. Бұл тәрбие сағаты оқушыларға үлкен ой салып, болашаққа деген жігер мен сенім сыйлады. #ӨмірСабақтары #ТәрбиеСағаты #9сынып