«Мектепке жол»
2024 жылдың 1 тамызында «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназия әкімшілігі акцияға жомарт жүректі, көмек көрсетуге мүмкіндіктері бар жандарды үн қосуға шақырады.