Ана тілі негізінде көптілді білім беру: сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Ана тілі негізінде көптілді білім беру: сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету
10
декабрь
2019

Ана тілі негізінде көптілді білім беру: сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз ету

       Ағымдағы жылдың 18-25 қарашасы арасында Қырғыз Республикасының  Ош  қаласында  «Ана тілі негізінде көптілді  білім беру: сапа мен тұрақтылықты  қамтамасыз ету » тақырыбындағы  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ) аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының  региональды мектебі өз жұмысын өткізді.
       Бұл іс-шарада білім беру менеджерлері мен практиктеріне көптілді және көпмәдениетті білім беру, мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді жолдарын қарастыру және тілдің түрлілігін сақтау мен полиэтникалық қоғамға кіріктіру, пән мен тілді кіріктіріп оқыту (СLIL), көптілді мектепте жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибе алмасу міндеттерін жүзеге асыру  көзделді.
      Региональды  мектепке Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, эксперттер, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларынан, Эстония, Моңғолия мемлекеттерінен көптілді білім беру саласындағы мәселелерімен айналысатын өкілдер қатысты. Осы өкілдер қатарында пилоттық мектептердің бірі болған  А. Розыбақиев атындағы №153 мектеп-гимназиясынан бағдарлы білім беру бойынша директордың орынбасары Аскарова Аида Наримановна мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Масимова Гулнар Абдуллаевна қатысып, региональды  мектептің бағдарламасына сәйкес шебер сыныптар  көрсетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: