Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында 10 күндік жоспар жасалды » "КГУ Школа-гимназия №153 им.А.Розыбакиева" Управления образования г. Алматы
Телефон приемного:
+7(727) 230-97-61
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 230-98-70
Версия
для слабовидящих
» » Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында 10 күндік жоспар жасалды
29
ноябрь
2019

Тұңғыш Президент күнін атап өту мақсатында 10 күндік жоспар жасалды

А.Розыбақиев №153 мектеп-гимназияда 1–желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнін  атап өту мақсатында  10 күндік   өткізілді. жоспар жасалды. Он күндіктің мақсаты: 
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы
 Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу; балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту; еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 
Міндеттері:
- балаларды Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірімен және еңбек жолымен таныстыру;
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы  арқылы өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, белсенді, шығармашыл, мақсаты айқын, ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу;
- ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен еңбек жолы туралы түсінігін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын дамыту.    
    Мектеп ауласында  мерекеге арналған баннер ілінді.

   Мектеп кітапханасында  «Елін сүйген, ел сүйген Елбасы» атты кітап көрмесі жасалды. 

   Тұңғыш Президент күні қарсаңында  А.Розыбақиев атындағы   №153 мектеп-гимназияда Алматы қаласы  мәслихатының депутаты Умаров Шавкат Ниязұлы мен   гимназияның тарих пән мұғалімі Айтахунова Д.Х. және 10-11- сынып   оқушылары  кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің балалық шағы, Тәуелсіз Қазақстанның символы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы туралы оқушылар өздерінің пікірлерін айтты.   Алматы қаласы   мәслихатының депутаты Умаров Шавкат Ниязұлы өз сөзінде Елбасшысының қай қасиетін ерекше  бағалайтынын айтып, Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаев халықты  жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне қосқан  үлесін атап өтті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: