администрация школы

Автор: admin от 27-03-2014, 23:17, посмотрело: 716

0

1977 жылы сәуірдің 28 жұлдызында Алматы облысының Кетпен ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Кетпен орта мектебін үздік аттестатпен бітірсе, 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің шығыстану бөлімін бітірді. 2000-2004 жылдары Абай атындағы АМУ жанындағы Жалпы тарих кафедрасының ізденушісі. Тарих ғылымдарының кандидаты(2005). 

Еңбек жолын 2000 жылы Алматы қаласы А.Розыбақиев атындағы гимназиядан бастады. 2009 жылдан бастап аталған гимназияда директордың ғылыми әдістемелік істер жөніндегі орынбасары. 

2008 жылдан бастап жаңа буын оқулықтарының және мұғалімдерді аттестаттау тестерінің сарапшылар комиссия мүшесі және аудармашы. 2015 жылдан бастап ҚР БҒМ ҰТО тест тапсырмаларын құрастыру және сараптау жұмыстарына белсенді қатысып келеді.

Оқушыларды ҰБТге (Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы)  дайындау бойынша жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, бүгінгі таңда қаладағы танымал ұстаздарының бірі.

ҚР білім министірлігінің құрмет граммотасымен, ҚР  парламенты тарапынан алғыс хатпен, «Білім лидері» төсбелгісімен  марапатталған.Білім беру ісіндегі ерен еңбегі үшін Алматы қаласы әкімінің сияқы иегері (2010-2014)

ЕҚЫҰ (ОБСЕ) және ШЫҰ(ШОС) сияқты халықаралық ұйымдар іс-шараларына (Қытай,Қырғыстан,Қазақстан) қатысып, баяндамалар оқып, шебер класстар көрсетті.

 Кандидаттық диссертацияның тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанның соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамыуы (1946-1959гг) ».

19 ғылыми еңбегі жарық көрді, соның ішінде 4 әдістемелік құрал және 1 оқыту бағдарламасы.

шаблоны для dle

Категория: Администрация школы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.